Келесі жылы 77 мың ақтөбеліктің жалақысы өседі 

47
- Жарнаманы баса кетіңіз -

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өңірде Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру барысы және ағымдағы жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған брифингте Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.

«Ағымдағы жылдың 10 айында Ақтөбе облысынеда 1,3 трлн теңгенің өндіріс өнімдері шығарылып, өңір экономикасына 376 млрд теңге қаражат түсті. Ауыл шаруашылығында 193 млрд теңгеге, құрылыста 133 млрд теңгеге табыс болса, қазіргі уақытта 600 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті кемінде 900 мың шаршы метрге жеткізу көзделіп отыр», – деді Сапарбаев.

Облыс әкімі атап өткендей, бюджетке 400 млрд теңгеден астам кіріс түсіп, қаржының игерілуі 94,4% құраған. Бұл өңір экономикасының даму қарқының 5% жеткізген.

«Тапсырмаға сәйкес, төмен жалақы алатын азаматтар тобына талдау жасалды. Анықталғандай, келесі жылдың қаңтар айынан бастап жобамен кемінде 77 мың адамның жалақысы өсуі керек. Жалақыны ұлғайту жөнінде кәсіпорындармен, мекемелермен арнайы меморандум жасалған. Оған сәйкес, жыл сайын еңбекақы кемінде 5-10% өседі», – деді өңір басшысы.

Ол жеке инвестициялар тарту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

«Биылғы жылы жалпы құны 56 млрд теңге болатын 15 жоба іске қосылуы керек. Бұл бағыттағы жұмыстар сәйкесінше жүргізіліп жатыр», – деді Сапарбаев.















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ

Загрузка...