Йогадан сабақ беретін 100 жастағы кейуана ұзақ өмір сүруінің құпиясын ашты – Қазақстан жаңалықтары

- Жарнаманы баса кетіңіз -

АҚШ-тың Гринбург қаласының тұрғыны ұзақ өмір сүруінің құпиясын ашты. Бүгінде 100 жасқа келген кейуана йогадан сабақ беріп жүр.

Йогадан сабақ беретін 100 жастағы кейуана ұзақ өмір сүруінің құпиясын ашты

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The State басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Тао Поршон-Линч 13 тамызда 101 жасқа толады. Кейуана осы жасқа жетуіне оптимистік көңіл-күйі себеп болғанын айтады. 

Поршон-Линч Үндістанда өскен. Кейуана жеті жасынан бастап йогамен айналысқан көрінеді. Ол бала күнінде жағажайда біртүрлі қимылдар жасап жатқан ерлерді көріпті. Сол кезде әпкесі бұл қимылдардың асаны деп аталатынын және оны қыздарға қайталауға болмайтынын айтыпты. 

«Егер мұны жігіттер жасай алса, менің де қолымнан келеді», – деген екен сол кезде Поршон-Линч.

 


Осыдан  кейін ол йогамен айналыса бастап, кейіннен йогадан сабақ беру өмірлік міндеті екенін ұғыпты. Зейнеткер әлі күнге дейін йогадан сабақ беріп келеді. 

Ол 2018 жылы еңбегі үшін Падма Шри сыйлығын алыпты. Бұл Үндістанның үкіметі беретін жоғары азаматтық марапаттардың дәрежесі бойынша төртіншісі саналады. 

Поршон-Линч йогадан бөлек бимен айналысады. Ол 2016 жылы America’s Got Talent аталатын америкалық шоуға қатысып, 26 жастағы жігітпен сальса билеген. 



stan.kz

Загрузка...