итінің еркелігінің кесірінен әйел қол-яғынан айырылды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Есінен танып қалған әйел ауруханада бір-ақ оянып, дәрігерлер қол-аяғын кесіп тастағанын көреді

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз — Sputnik. АҚШ-та Огайо штатының тұрғыны итінен қауіпті инфекция жұқтырып, мүгедек болып қалды.

Дәрігерлер әйелдің өмірін сақтап қалу үшін оның қол-аяғын кесуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Fox 8 телеарнасы.

Мари Тренердің кенеттен жүрегі қатты айнып, содан кейін ол есінен танып қалған. Әйел шұғыл түрде жергілікті ауруханаға жеткізіледі. Дәрігерлер әуелі жоғары температурамен түскен тұрғын тұмауға шалдықты деп ойлаған.

Медициналық көмекке қарамастан әйелде сепсис басталған. Пациентті дәрігерлер жасанды комаға түсіреді, бірақ ол гангренаға ұласады. Ақ халаттылар инфекцияның әрі қарай тарамауы және әйелдің өмірін сақтап қалу үшін оның қол-аяғын кесуге мәжбүр болды.

Кейін дәрігерлер аурудың себебі Capnocytophaga canimorsus бактериясы болғанын анықтады. Ол әйелге үйіндегі итінен жұққан, төбет иесінің қолындағы жарақатты жалаған.

Бұл бактериялар иттер мен мысықтардың жетпіс пайызында болады. Әдетте бұл бактериялар адам үшін қауіпті емес, тек егер иммунитеті әлсіз болса ғана.

Тағы оқыңыз: Туған қызын зорлады деп айыпталған ер адам итінің арқасында ақталып шықты

Бактерия жұқтырған адамға жылдам диагноз қою қиын, алғашқы белгілері тұмауға ұқсайды. Адамның температурасы көтеріліп, әлсіздік байқалады. Бактериялар ағзада тез тарап, салдарынан науқастың қол-аяғын кесуге тура келеді, ал кейде адам өліп кетеді. Мұндай қайғылы жағдайға душар болмас үшін дәрігерлер жарақатты зарарсыздандыруға кеңес береді.



sputniknews.kz

Загрузка...