Instagram өз мүмкіндігін кеңейтті – Қоғам|30 Қараша 2018, 10:23

- Жарнаманы баса кетіңіз -
30 Қараша 2018, 10:23 312 0

Фото: ашық дереккөзден

Instagram-да көру қабілеті нашар қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін жаңа функция қосылды. Бұл туралы РИА Новости компанияның блогына сілтеме жасап хабарлады.

Бүгінде арнайы технологияның арқасында суретте не бейнеленгенін анықтап, оларды дауыстап оқу мүмкін болып отыр.

Бұдан басқа, суретті жүктегенде оған сипаттама жазатын мүмкіндік бар, бұл сипаттама мәтінді нашар көретіндер үшін дауыстап оқылады.

Айта кетейік, өткен аптада Instagram жалған, қолдан көбейтілген лайктармен, пікірлермен және қолданушылармен күресетінін хабарланған болатын.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ

Загрузка...