Индонезияда опат болған жолаушылар ұшағының шығынын қазақстандық компания төлейді — новости Казахстана

0

Бір ай бұрын Джакартадан шығып, опат болған Boeing-737 ұшағының шығынын қазақстандық компания төлейді. Бұл туралы Аikyn.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: AFP 2018 / ROSLAN RAHMAN

Фото: AFP 2018 / ROSLAN RAHMAN

«Lion Air» әуекомпаниясына тиесілі Boeing 737-800 әуе лайнері қазақстандық «Еуразия» компаниясында сақтандырылған болып шықты.

Алдын ала болжам бойынша, Ява аралында апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағының жалпы шығыны 73 млн долларды құрайды.

Ал «Еуразия» сақтандыру компаниясы оқиғаның неден болғаны анықталғаннан кейін келісімшарт бойынша тиісті төлемдерді жүзеге асыратынын айтып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 29 қазан күні Джакартадан ұшып шыққан Boeing -737 ұшағы 10 минуттан кейін радардан жоғалып, Ява аралының маңында апатқа ұшыраған еді.

Артынша әуе лайнерінің құлаған орнынан жолаушылардың мәйіттері мен жеке заттары табылған болатын.

Өкінішке орай, «Джакарта-Панкалпинанг» рейсінде болған 189 адамның біреуі де тірі қалмаған.

Отын багы жарылып кеткен ұшақта қазақстандықтар жоқ екені де анықталды.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар