Halyk Bank Apple Pay мобильді төлемдер жүйесін іске қосты

- Жарнаманы баса кетіңіз -
28 Қараша 2018, 13:58 228 0

Фото: автор

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Енді кез-келген тауарлар мен қызметтерге төлемді мобильді Apple Pay құралы арқылы жасауға болады.

«Halyk Bank және Qazkom банктері бірігуін аяқтады. Біз енді пост бірігу кезеңіне көшудеміз. Оны біз Жаңа Халық деп атадық, ол біздің қайта жаңаруымызға арналған және онда біз цифрлы жаңа технологияларға басымдық берудеміз. Төлемге қатысты жаңа өнім Apple Pay елімізде алғаш рет жүзеге асып отыр», -дейді Halyk Bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.

Apple Pay қызметін іске қосу үшін клиенттер Halyk Bank пен Qazkom-ның Visa және Mastercard картасын Homebank қосымшасы немесе Wallet қосымшасы арқылы төлем қызметіне қосылуы қажет. Дүкендерде Apple Pay арқылы төлем жүргізу үшін iPhone SE, iPhone 6 және одан кейінгі жаңа үлгілерді, сонымен қатар Apple Watch қолдануға болады. Төлем жасарда Apple Pay орнатылған телефоныңызды пост-терминалға тигізіп қалсаңыз жеткілікті.

«Mastercard – технологиялық көшбасшы, сондықтан біз әлемдік төлем ұсыныстарын қолдану арқылы және цифрлық болашақты жақындата отырып, қазақстандық нарыққа ең жаңа алдыңғы қатарлы инновацияларды енгізуге тырысамыз. Apple Pay қызметін іске қосумен бірге смартфон және басқа Apple құрылғыларын қолданумен әлем бойынша контактісіз төлемдер технологиясын қабылдайтын кез келген жерінде төлем жасаудың қауіпсіз, қарапайым әрі ыңғайлы тәсілі қолжетімді болып отыр. Mastercard жүйесімен бірге карта ұстаушылар ауқымды мүмкіндіктер таңдауына ие», – дейді Halyk Bank басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Жағыпаров.

Сондай-ақ ол, 2012 жылы контактісіз төлем жасау технологиясын Қазақстанға әкелу жолын қарастырғандарын және 2015 жылдан бастап төлемнің бұл түрі күрт жоғартылағанын айтып өтті.

«Клиенттер тауарлар мен қызметтерге төлеу үшін, оның ішінде сауда-сервистік кәсіпорындарда есеп айырысуларды, Homebank арқылы төлемдер мен аударымдарды қоса, төлем карталарын жиі қолдана бастады. Соңғы кезде онлайн-платформа арқылы 28 млн төлем жүргізілген. Apple Pay-дің келуі бұдан бұрын Ресей мен Украинада болғандай, Қазақстандағы контактісіз төлемдер нарығының дамуына жаңа импульс береді», – дейді ол.

Н.Жағыпаров сонымен қатар, бұл технологияны іске қосу үшін Apple компаниясымен 1 жылдай келіссөздер жүргізіп, көптеген істер атқарғандығын айтып өтті.

«Бұны іске қосуда техникалық үрдісі өте күрделі болды. Halyk Bank бұл жүйені елімізге алғашқылардың бірі ретінде енгізіп отыр. Ол көрші Ресейде бар, тіптен Германия тағы басқа Еуропа елдері оны әлі іске қоспады. Жалпы бұны әлемнің 30 елі қолдануда», – дейді ол.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ

Загрузка...