Грекияда тұңғыш рет әйел президент сайланды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Грекияның қазіргі президенті Прокопис Павлопулостың өкілеттік мерзімі 2020 жылдың 13 наурызында аяқталады

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. Грекия президенті болып Екатерина Сакелларопулу сайланды. Ол бұған дейін Грекияның жоғарғы әкімшілік соты – мемлекеттік кеңес төрағасы болған.

Осылайша, Грекия мемлекетін тұңғыш рет әйел басқарады, деп хабарлайды РИА Новости.

Дауыс беру рәсімі 22 қаңтар күні парламентті өтті. Оның нәтижесінде Екатерина Сакелларопулу үшін 300 депутаттың 260- астамы дауыс берді. Бұл дауыс саны президент боп сайлану үшін жеткілікті.

Тағы оқыңыз: Даяшы болған — лауазымды қызметтегі шенеуніктің еңбек жолы жұртты таңғалдырды

Грекия заңы бойынша, президентті парламент премьер-министр ұсынысы бойынша бес жыл мерзімге сайлайды. Фракциялар да өз үміткерлерін ұсына алады. Регламентте президенттікке үміткерді талқылау қарастырылмаған.

Грекияның қазіргі президенті Прокопис Павлопулостың өкілеттік мерзімі 13 наурызда аяқталады. Грекияда президент негізінен ел өкілі функциясын атқарады. Негізгі билік премьер-министр қолында.



sputniknews.kz