Гонконгта 600 орама дәретхана қағазы ұрланған: Қалада коронавирусқа байланысты тапшылық туындады — Қазақстан жаңалықтары

0

 

Гонконгта қарулы адамдар жалпы сомасы 1695 доллар (218 доллар) тұратын жүздеген орама дәретхана қағаздарын ұрлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

бумага

Коронавирус індетінің кесірінен қалада дәретхана қағазы жетіспейді, сондықтан оған сұраныс өте жоғары. Қарақшылар Вонкок аймағындағы Wellcome супермаркетінің жанында тапшы жүктерді тасымалдаушы адамды аңдып, ол дәретхана қағаздарын алып жатқанда пышақпен қорқытып, тауарды алып кеткен дейді полиция. Гонконгтың бұл аумағы өзінің бұзақыларымен танымал.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, тәртіп сақшылары ізін суытпай екі ер адамды қамауға алған, оларда дәретхана қағаздарының бір бөлігі болған.

Apple Daily басылымының хабарлауынша, қарақшылар 600 орам қағаз ұрлап кеткен.

Қаланың дүкендерінде бұл өнім жетіспейді, ал жаңа келген тауарға ұзын-сонар кезек пайда болады.

Жергілікті үкімет тұрғындарға коронавирустың өршуінен дәретхана қағазына тапшылық пайда болмайды деп сендіруге тырысты, бірақ тұрғындар әлі күнге дейін дәретхана қағазын молынан алып, сақтап қоюға тырысып бағуда.

Сондай-ақ, адамдар күріш, макарон және тазалағыш заттарды жаппай сатып алуда.

Сатылымда бет маскалары мен дезинфекциялық заттарды табу мүмкін емес.

Билік бұл жағдайға жалған ақпараттардың тез таралуын кінәләуда. Олардың айтуынша, азық-түлік қорлары мен тұрмыстық тауарлармен қамтамасыз ету тұрақты болып қала береді.

Гонконгтан басқа дәретхана қағаздары, дезинфекциялық құралдар және бет маскалары Сингапурде жаппай сатып алынуда, онда коронавирустық инфекцияның 75 жағдайы тіркелген.

 

stan.kz