Головкиннің Роллсқа қарсы айқасы мені қызықтырған жоқ

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Геннадий Головкин өткен жексенбіде канадалық Стив Роллсты нокаутқа түсірген еді

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым — Sputnik. Орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес Головкин-Роллс жекпе-жегі жайлы пікір білдірді, деп хабарлады prosports.kz.

«Шынымды айтсам, Головкиннің Роллсқа қарсы айқасын көрмедім. Джошуа-Руис кездесуі секілді қызықты болды деп те ойламаймын. Жаныма рахат сыйлайтын жекпе-жектерді ғана тамашалаймын. Немесе өз шәкірттерімнің болашақ қарсыластары қатысып жатса көремін», – деді Санчес.

Бапкер жекпе-жек алдында Головкиннің статистикасына бір көз жүгіртіп өткенін айтты.

«Оның еншісінде 23 нокаут, 20 мәрте чемпиондық атағын қорғап қалды. Нокауттарының пайыздық көрсеткіші өте жоғары. Алты апта дайындық өткізді, басқаша өнер көрсетуге болар ма еді? Ол Геннадий Головкин ғой, Роллсқа қарсы жекпе-жекте де Геннадий Головкин болып қалды деп ойлаймын», – деді ол. 

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин 9 маусым күні бұрын жеңілмеген канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутқа түсірген еді. 



sputniknews.kz

Загрузка...