Головкин әйгілі Мессимен кездесті (фото, видео) – новости Казахстана

55
- Жарнаманы баса кетіңіз -

Атақттары жер жарған әлемнің танымал екі жұлдызы Барселонда кездесті. Геннадий Головкин Лионель Мессиге қолғабын сыйға тартқан. Олардың жүздесу сәтінен видео желіде тараған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: twitter.com/kengesr

Фото: twitter.com/kengesr

Қазақстандық боксшы мен аргентиналық футболшының кездесуі SIRIN Labs компанисы ұсынған алғашқы блокчейн-смартфонның таныстырылымы аясында өткен.

Спортшылар естелікке бірге суретке түскеннен кейін, GGG футболшыға өзінің қолғабтарын сыйға тартты.

Ал кадрдан отандасымыздың сыйлығын ұстап тұрған Мессиді байқауға болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін аргентиналық футболшының қазақстандық-израильдік бірегей жобаның елшісі атанғаны белгілі болған. Смартфонның тұсаукесерінен оның негізін қалаушы Моше Хогег пен қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышевті де байқауға болады.