Геннадий Головкин допинг-тестен өтеді

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

5 қазан күні Головкин АҚШ-тың Madison Square Garden аренасында Сергей Деревянченкомен жекпе-жек өткізеді

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз — Sputnik. Допингке қарсы еріктілер қауымдастығы  (VADA) GGG (39-1-1, 35 КО) мен оның қарсыласы украиналық Сергей Деревянченкоға (13-1, 10 КО) допинг сынамадан өтуді ұсынды.

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко жекпе-жекті 2019 жылдың 5 қазанында өткізуге келісті. Боксшылар IBF тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы белдеуі үшін кездесу өткізбек. Бокс кеші АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында болады.

Ең арзан билет 56 доллар (шамамен 22 мың теңге), ал ең қымбат билет 756 доллар (292 мың теңге шамасында).

Қарсыластар көз түйістіріп, алғашқы баспасөз мәслихатын берді.

Еске сала кетсек, Геннадий Головкин осы белбеудің иегері болатын. Алайда мексикалық боксшы Сауль Альварестен жеңілген соң, белбеуден айырылды.



sputniknews.kz

Загрузка...