Ғали Есқалиев: отбасы, атқарған қызметтері, лауазымдары

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Ал өңірдің бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының басшысы қызметіне кірісті

НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ғали Есқалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда. 

«Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын», — деп жазылған президенттің жарлығында. 

Ғали Есқалиев Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған еді. Ол Алтай Көлгіновтің орнына келді. Бұрынғы өңір басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қызметіне кірісті.

Ғали Есқалиевтің білімі  

Есқалиев Ғали Нәжімеденұлы 1970 жылы дүниеге келген. «Экономика» мамандығы бойынша Батыс Қазақстан аграрлық университетін тәмамдаған;

«Менеджмент» мамандығы бойынша Халықаралық бизнес академиясын бітірді.

Жаңа әкімнің еңбек өтілі

Әр жылдары «Темірбанк» АҚ Орал филиалының директоры, БҚО кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің директоры, «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарушы директоры, вице-президенті, басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.


©
Foto : БҚО әкімдігінің ресми сайтынан

Батыс Қазақстан облысының жаңа әкімі Ғали Есқалиев

Астана қаласы әкімдігінің қалалық ортаны регенерациялау басқармасының басшысы қызметін атқарды. Жамбыл және Ақтөбе облыстары әкімінің орынбасары лауазымында болған.

2019 жылдың 18 қаңтарынан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне кірісті.

2019 жылдың 13 маусымынан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімі.

Тағы оқыңыз: Президент Көлгіновті неге елорда әкімі етіп тағайындады?

Ғали Есқалиевтің әкесі Нәжімеден Ықсанұлы Есқалиев те ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметте болған еді. Өзбекстан, Тәжікстан, Украина елдерінде елші болып еңбек еткен. Көкшетау мен Батыс Қазақстан облыстарын басқарды. Осылайша, әкесі басқарған облысқа ұлы әкім болып тағайындалып отыр.



sputniknews.kz