Еуропа банктері бірыңғай қаржы жүйесіне көшуді жоспарлап отыр

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Еуропа елдері  Visa және Mastercard бірыңғай төлем жүйелерін бас тартып, тәуелсіз сауда жүргізуді көздеп отыр. Бұл қадам Еуроодаққа мүше елдерге басқа мемлекеттермен экономикалық байланысты нығайтуға мүмкіндік береді деген болжам бар 

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. Еуропаның 20 банкі америкалық Visa және Mastercard-тың орнын басатын бірыңғай төлем жүйесін жасауға кірісті. Бұл бастаманы германиялық Deutsche Bank пен Франция банктері қолдап отыр, деп хабарлайды РИА Новости.

Еуроодақ ресми түрде тәуелсіз қаржылық-экономикалық саясат жүргізеді. Алайда олар сыртқы сауда келісімшарттарын доллармен жасайды.

2018 жылдың ортасында Вашингтон Тегеранмен ядролық келісімнен шыққан болатын. Иран мұнайын сатып алатындарға санкция салатынын да ескертті. Еуроодақтың алдында америкалық санкция немесе күніне 500 мың баррель жанар-жағармайдан бас тарту таңдауы тұрды.

Сонымен қатар шикізатпен есеп айырысу SWIFT халықаралық банк төлем жүйесі арқылы жүргізілгендіктен біраз қиындық туындаған. Вашингтон бұл жүйені бұғаттап тастай алатын еді. Ал бұл бизнесті тоқтатумен тең.

Вашингтон Брюссельді SWIFT қаржы жүйесінен алып тастайтыны туралы айтты. Еуропалық қаржыгерлер халықаралық банктер арасында бірыңғай төлем жүйесі – INSTEX құрылатынын мәлімдеген. Осылайша, Еуропа Ресей мен Қытайдың тәжірибесін назарға алған. Себебі, бұл мемлекеттерде тәуелсіз қаржылық мәліметтерді беру жүйесі (СПФС) мен CIPS бар.

Тағы оқыңыз: Еуроодақ Назарбаевтың отставкасына пікір білдірді

Сондай-ақ, алдағы уақытта бұл екі платоформаны біріктіру жоспарланып отыр. Кейін оған үнді қаржы жүйесі қосылады.

Бұл туралы Бразилиада өткен БРИКС саммитінде Ресей, Қытай және Үндістан келіскен. Жорамал бойынша біріктірілген қаржы жүйесі «шлюз» моделі бойынша жұмыс істейді. Яғни төлем туралы хабарлама әрбір елдің қаржы жүйесінің кодына өзгертіледі. Бұл жүйе доллардан бас тартуға ықпал етіп, тауарларды ұлттық валютада төлеуге жол ашады.

PEPSI және Visa

Еуропаның 20 ірі банкі PEPSI (Pan-European Payment System Initiative) атты төлем жүйесін жүзеге асыруды көздеп отыр. Ол Visa және Mastercard-тың орнын алмастырмақ.

PEPSI еуропалық компанияларға Иранмен қауіпсіз сауда жүргізуді қамтамасыз етіп қана қоймай, Вашингтонға ұнамайтын басқа елдермен байланыс орнатуға мүмкіндік бермек. Ал америкалық қаржы жүйесі Еуроодақ елдерінің азаматтары қандай ақша ұстайтыны туралы мәліметтен қағылуы мүмкін. Бұл АҚШ компанияларының еуропалық нарыққа эспансиясын әлсіретуі ықтимал.

Сонымен қатар Еуропаның жаңа бірыңғай төлем жүйесі Ресейге де ыңғайлы. Себебі, Еуропалық орталық банкімен өзара төлем жүйелерінің интеграциясы жөнінде байланыс орнату жеңілдейді.

Цифрлық ақша

АҚШ-тың Еуропа қаржы нарығындағы ықпалын төмендетудің тағы бір құралы – цифрлық ақша болуы ықтимал. Осы жылдың қазанында Германияның федеральды банктер қауымдастығы, оның ішінде Deutsche Bank, Credit Suisse және Commerzbank еуроның цифрлық баламасын жасауды ұсынған. Сондай-ақ оны панъеуропалық қаржы жүйесіне біріктіру қажеттігін айтқан.

Немістер бұл бастаманың кімге қарсы жасалып жатқанын да жасырмаған.

«Бұл – АҚШ тарапынан жасалатын бәсекелестік қысымына төтеп берудің жалғыз жолы», – дейді Германияның федералды банктер қауымдастығы.

Олар жаңа цифрлық валютаға Libra деген атау берген. Facebook жаңа валютаны шығаруға әрекет жасап жатыр.



sputniknews.kz

Загрузка...