елордалық қыз ерекше өнерімен таң қалдырды – видео

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Мәдениет

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Он бір жастағы әртіс өзінің Клара есімді қарға – қуыршағымен шоуда өнер көрсетіп, жұртты тәнті етті

НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша – Sputnik. Он бір жастағы елордалық Айша Алматтың қойылымы Central Asia Got Talent шоуының қазылар алқасын таң қалдырды.

Ішінен түрлі дыбыс шығара алатын қыз өзінің «құрбысымен» бірге өнер көрсетеді. Құрбысы – Клара есімді қарға-қуыршақ. Дарынды бала ойыншығының атынан сөз сөйлеп, ән айтады.

Айша ерекше қойылым ойлап тапты. Онда Клара қазылар алқасының әр мүшесіне арнап сөз сөйлеп, олар туралы ән айтып берді.

Ал әнші Ситора жас әртістің Instagram-дағы парақшасына жазылғанын және оның өнерін тұрақты түрде бақылап отыратынын айтты.

Атап өтсек, 2017 жылы America»s Got Talent америкалық шоуында Айша Алмат сияқты ішінен дыбыстай алатын 12 жастағы Дарси Линн Фармер жеңіске жеткен еді.



sputniknews.kz

Загрузка...