елордада 30 градус аязда жеңіл киінген ер адам жұртты таңғалдырды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Нұр-Сұлтанның қытымыр қысы қаһарына мінді. Далада 30 градус аяз. Ауа райы қолайсыздығы, тасжолдардың жабылуы, мектептерде сабақтың болмауы…

Дегенмен астаналық ер адамның әрекеті жұртты таңғалдырды. Ол аязға қарамастан көшеде жеңіл киіммен жүрді. Бұл сәтті Sputnik Қазақстан фотографы камерасына түсіріп үлгеріпті.

Жұртты өзіне қаратқан тұрғын үстіне қысқа жеңді жейде мен джинсы шалбар ғана киген екен. Бір қызығы, ол айналысындағы тоңған адамдарға назар аудармайды.


©
Sputnik / Владислав Воднев

Аязда жейдемен ғана жүрген ер адам

Елордалықтар ер адамның қақаған аязда жеңіл киіммен жүретінін жиі көретін болып шықты.



sputniknews.kz

Загрузка...