Елорда тұрғыны иттің соңынан суға секірген қызды құтқарамын деп ажал құшты

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Есіл жағалауында балық аулап отырған ер адам қыздың батып жатқанын байқап қалып, көмекке ұмтылған

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр — Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны 12 жастағы қызды құтқарамын деп ажал құшты. Бұл туралы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Трагедия жұма, 10 мамыр күні сағат 12.10-да «Газмашаппаратура» бау-бақша қоғамы аумағында болды.

БҚО-да әкім отбасымен бірге суға батып кетті деген ақпарат тарады 

 2007 жылы туған қыз итінің соңынан суға секіріп, тұншыға бастаған. Мұны 38 жастағы балықшы байқаған. Ол дереу суға сүңгіп, қызды жағаға сүйреп шығарған. Бала құтқарылды, алайда өзін су ағызып әкеткен. Жағаға шығып қалған мәйітті куәгерлер алып шықты.

Суға батып кетпеу үшін не істеу керек?

Құтқарушылар рұқсат етілген орындарда, жабдықталған жағажайларда ғана шомылу керек екенін ескертеді.

Батпақты және шөп басқан, ағысы қатты су қоймаларында шомылуға болмайды.

Сондай-ақ, өзен-көлдерге мас күйінде баруға қатаң тыйым салынады.

Жасөспірімдер мен балалар жағажайларға ата-аналарының немесе ересектердің қадағалауымен ғана баруы керек.  



sputniknews.kz

Загрузка...