Елбасы Қазақстанда электр энергиясы құнын төмендетуді тапсырды

4

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Ақордада өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда электр энергиясы құнын төмендетуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Энергетика министріне жыл соңына дейін электр энергиясы құнын төмендету мәселесін шешуді тапсырамын. Қанат, осыны іске асыруға қауқарлысыздар ма, әлде мүмкін емес пе?», – деді Президент Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа қарата айтқан сөзінде.

Өз кезегінде министр жүйе құраушы кәсіпорындарда төмендейтіндігін сөз етті.

«Жалпы халық үшін, яғни қарапайым азаматтарға қатысты мәселені көтеріп отырмыз. Тұтас Үкімет мүшелері осындасыздар, бұл бағытта нәтижелі жұмысты жүзеге асырыңыздар», – деді Мемлекет басшысы.

«Мемлекеттік және мемлекеттік емес энергия өндіруші компаниялардың басшыларына қатысты айтып отырмын. Халық өздерінің қаржылары қайда және қандай мақсаттарға жұмсалып жатқанын білуі тиіс. Жұмыстарыңызды пысықтап, әлеуметтік жауапкершілікті сезініңіздер, яғни адамдардың сеніміне лайықты болыңыздар», – деді Мемлекет басшысы.