Елбасы Энергетика министрін қабылдады

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Кездесуде Мемлекет бас­шы­сына Қауіпсіздік Кеңесінің биылғы 7 қарашадағы отыры­сын­да берілген тапсырмалар­дың орын­далу барысы туралы баяндал­ды.

– Министрлік осы жылды бар­лық бағыттар, соның ішін­де мұнай өндіру, электр энер­гиясы, баламалы энергия көз­дері, геологиялық барлау салала­ры және ірі инвесторлармен жұ­мыс жүргізу мәселесі бойын­ша жақсы көрсеткіштермен аяқта­ғалы отыр, – деді Қазақстан Пре­зиденті.

Нұрсұлтан Назарбаев тариф­терге бақылау жүргізу жауап­кер­шілігі тек Энергетика минис­трлігіне емес, сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігіне де жүктелгенін атап өтті.

– Тарифтерге қатысты сын ай­тылды. Оған Энергетика ми­нистрлігі ғана жауапты емес. Электр энергиясы көзі мен оны тасымалдауға Энергетика ми­нис­трлігі жауап береді, ал оны қай­та бөлу мен тұтынушыларға жет­кізу ісін бақылауды Моно­по­лияға қарсы комитет жүзеге асырады, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті энер­гетикалық қызмет көрсету нары­ғындағы тарифтерді қалып­тастыру және бақылау үдері­сінде Үкіметтің басты рөл атқа­ра­тынын атап өтті.

– Жыл сайын Энергетика министрлігі Үкімет отырысында тарифтерді төмендету қажеттігі жөнінде баяндап келді. Бұл мәселелер бойынша Премьер-Ми­нистр мен Үкімет шаралар қа­былдамады. Осы салада тәртіп орнатуды бәріне тапсырамын. Жауапты ведомстволардың бәрі министрліктің қарамағында бо­луы тиіс немесе Үкімет бұл үде­рісті өзі үйлестіргені жөн, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қ.Бозымбаев Мемлекет бас­шы­сына станцияларда электр энергиясын өндірудің шекті та­риф­терін бекіту үшін атқарылған жұ­мыстардың нәти­желері жө­нінде мәлімдеді.

– Желтоқсан айының бірінші онкүндігінде сауда бәсекесі өт­кі­зіледі. Соның нәтижесінде қуат­тылық тарифі анықталады. Сол уақытта осының негізінде элек­­тр энергиясының шекті та­риф­терін бекітеміз. Олар стан­ция­лар­дың типтеріне қа­рай әртүр­лі болады. Бірақ стан­цияның түр­ле­ріне байланысты, орташа есеп­пен алғанда, 5 па­йыздан 20 па­йызға дейін төмен­дейтін болады, – деді Энергетика министрі. 

Кездесу барысында Ұлттық экономика министрлігі Таби­ғи монополияларды реттеу, бәсеке­лестікті және тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті тарапынан өңірлік станциялармен және электр қуатымен қам­та­ма­сыз ететін ұйымдардың та­риф­те­рін төмендету үшін жұмыс жүр­гізу қажеттігі туралы айтылды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы министрліктің электр энергиясы нарығындағы та­риф­терді реттеу жөніндегі тәсіл­дерін мақұлдап, бірқатар нақты тапсырма берді.

Загрузка...