Елбасы Грузияның жаңа президентін құттықтады — Ел жаңалықтары

0

Нұрсұлтан Назарбаев Саломе Зурабишвилиге Грузия Президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Саломе Зурабишвилиді Грузия Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.

«Өткен сайлаудағы жеңісіңіз — ел азаматтарының Сізге деген сенімі мен қолдауының, сондай-ақ Грузияның жаңа жетістіктері мен елдеріңіздің одан әрі өркендеуіне деген үмітін Сізбен байланыстыруының айқын дәлелі. Елдеріміз арасындағы дәстүрлі достық пен түсінушілікке негізделген өзара тиімді ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі үшін алдағы уақытта да нығая түсетініне кәміл сенемін», — делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Саломе Зурабишвилиге зор денсаулық, амандық, жауапты қызметіне — табыс, ал достас Грузия халқына — бақ-береке тіледі.

Еске салайық, Грузияда кеше, 29 қарашада өткен президент сайлауында Саломе Зурабишвили жеңіске жеткен еді. 

Грузияның Орталық сайлау комиссиясы өкілдерінің есептеуінше, Зурабишвили 60пайыз дауыс жинаған. Ал оның бәсекелесі, оппозиционер Григол Вашадзе шамамен 40 пайыз дауыс жинаған.

Басылымның мәліметінше, сайлауға дауыс берушілердің 56,23 пайызы келген. Сондай-ақ, бастапқыда Грузия президенттігіне 25 адамның үміткер болғаны айтылады.