Ел аумағының басым бөлігінде дауыл болады

- Жарнаманы баса кетіңіз -
30 Қараша 2018, 08:15 409 0

Фото: интернеттен

Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, ел аумағы белсенді фронтальды аймақтың ықпалында орналасуына байланысты жауын-шашын болады. Кей жерде қатты жаңбыр жауады, жел күшейеді. Солтүстікте бұрқасын болады. Республиканың кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей жерінде 30 м/с болады және одан асуы ықтимал. Кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады.

Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с, кей жерінде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан да жоғарылайды, кей жерде бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін.

Қарағанды облысында жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с, кей жерінде 30 м/с дейін жетеді және одан асады, кей жерінде бұрқасын болады.

Түркістан облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с, кей жерінде тұман, күндіз көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал.

Aлматы облысының кей жерінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с, түнде кей жерде тұман, күндіз кей жерде бұрқасын, көктайғақ болады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с, тұман, жаяу бұрқасын болуы мүмкін.

Қызылорда облысының кей жерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с, тұман, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан, Aқтөбе облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Павлодар облысында бұрқасын, кей жерінде көктайғақ болады.

Түнде Маңғыстау облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ

Загрузка...