Египет парламенті президентке үшінші рет сайлауға түсуге рұқсат берді

0

Египет парламенті 16 сәуірде ел Конституциясына өзгертулерді мақұлдады. Жаңа өзгеріске сай, қазіргі президент Абдель Фаттах ас-Сисиге үшінші мәрте сайлауға түсе алады.

Ел парламентіндегі көп орынды ас-Сисидің жақтастары иеленген.

Абдель Фаттах ас-Сиси 2018 жылы екінші рет президент болып сайланған. Ол 2022 жылы биліктен кетуі керек еді. Өзгерген Конституция президентке үшінші рет сайлауға түсуге мүмкіндік береді. Жаңа Конституцияға сай, Египетте президенттің өкілеті төрт жылдан алты жылға ұзарды. Сарапшылар ас-Сиси 2022 жылы қайта сайлауға түсіп, 2030 жылға дейін ел басқаруы мүмкін деп топшылайды.

Абдель Фаттах ас-Сиси Мұхаммед Мурси биліктен кетірген 2014 жылғы әскери төңкерісті басқарған. Ол Мурси президенттіктен кеткен соң билікке өзі келген. 2018 жылғы сайлауға 97 пайыз дауыс алған.

Azattyq