Джек Ма Қазақстанды неге жақсы көретінін айтты

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Alibaba компаниясының негізін қалаушы Джек Ма Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған еліне деген сүйіспеншілігіне тәнті болғанын жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Қытайлық миллиардер, Alibaba компаниясының негізін қалаушы Джек Ма Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары аясында президенттің телерадио кешеніне сұқбат берді.

Қытай бизнесменінің сұқбаты «Барыс пен айдаһар стратегиясы: өзара құрмет және мәңгілік серіктестік» атты деректі фильмге енген.

«Мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуден тамаша әсер алдым. Ол – мықты көшбасшы, адамды жігерлендіреді. Туған еліне деген сүйіспеншілігіне тәнті болдым. Кездесу керемет өтті», – дейді Джек Ма.

Ол Қазақстанда үш-төрт рет болғанын атап өтіп, қазақ елін не үшін жақсы көретінін айтты.

«Әр сапарымда маған бірнеше нәрсе қатты әсер етті. Мемлекеттің көркемдігі, ұлы тұлғалары, қаһармандары, сондай-ақ халықтың еңбекқорлығы. Қазақстанға барған сайын көрікті жерлерді аралаймын. Елдеріңізді, мәдениетіңізді жақсы көремін, жаңа достар тапқанды ұнатамын. Геннадий Головкин сынды қаһармандарыңыз бар! Сіздерде өте қонақжай адамдар тұрады», – дейді миллиардер.

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қыркүйекте Қытайға мемлекеттік сапармен барді. Президент сапары аясында ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен және Қытайдың бірқатар саяси және іскерлік тобымен келіссөз өткізді, сондай-ақ Alibaba компаниясының кеңсесіне барып, Джек Мамен кездескен.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Қытай телеарнасына сұқбат берді: президент не туралы айтты?



sputniknews.kz

Загрузка...