Досым Сәтпаев: Елбасы Тоқаевты ізбасары ретінде қалдырса да, оған сенім артпайды – Қазақстан жаңалықтары

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Қазақстанда сайлауға қатысты орын алып жатқан соңғы оқиғаларға байланысты 23 сәуір күні заңгер Жанар Балғабаева, саясатшы Досым Сәтпаев және Димаш Әлжанов бастаған зиялы тұлғалар Алматы қаласында «Арт и Шок» театрында бас қосты. Олар ел тағдырына бей-жай қарамайтын қазақстандықтарды жинап, әділ сайлауды қалай өткізуге болатынын, президенттік кандидаттарының қандай болу керектігін талқылап ойларын ашық айтуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz 

Досым Сәтпаев: Елбасы Тоқаевты ізбасары ретінде қалдырса да, оған сенім артпайдыКездесуде Алматы марафонында «Шындықтан қаша алмайсың. Менің таңдауым бар» деген жазбасы бар плакатты ұстап, 15 тәулікке қамалған жастардың мәселесі елеусіз қалмады. 

Үш сағаттан аса уақытқа созылған жиынның соңында белгілі политолог Досым Сәтпаев тілшінің алдағы сайлауға, кандидаттарға және Қасым-Жомарт Тоқаев жайлы қойған сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар,  Ресейдегі жағдайдың Қазақстанда қайталануына қатысты пікірін білдірді. Ресейліктердің көкейін «Путин де Назарбаев секілді ұлт көшбасшысы атанады ма?»  деген сұрақ мазалап жүрген сыңайлы. 

Саясатшының пікірінше, Елбасы өзінің ізбасарларына мүлдем сенбейді: «Дариға Назарбаеваны Сенат спикеры қызметіне тағайындауын қырғыздың инцидентімен байланыстырамын. Алмазбек Атамбаев та Сооронбой Жээнбековты өзінің ізбасары етті, белсенді түрде көмектесіп, қолдаған еді.

Ал қазір біз бір партиядан шыққан екі адамның дауласып қалғанын көріп отырмыз. Менің ойымша, Дариға Назарбаеваның Сенат Спикері қызметіне келуі, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің болуы президентті бақылаудың бір түрі. Адамдар заңды жиі оқып тұруы керек.

Конституцияда белгілі бір пункт бар. Сол пункт бойынша, Сенаттың мақұлдауынан кейін ғана президент адамды Бас прокурордың, Ұлттық қауіпсіздік төрағасының қызметіне тағайындай алады.

Бұл да сәйкестік емес, солай ғой? Егер Тоқаев біреуді кілттік позицияларға, яғни мемлекеттік прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сайлағысы келсе, Сенаттың келісімін алуы қажет. Осыдан Елбасы Тоқаевты ізбасары ретінде қалдырса да, оған сенбейтінін байқаймыз.

Ресеймен салыстырғанда біздің жүйеде ерекшеліктер бар. Назарбаев 19 наурыз күні өкілеттігін тоқтатқанда мен эксперттердің осы жайтқа қатысты жазылған көптеген жазбаларын оқып шықтым. Олар «Путин де Федералды қауіпсіздік комитетінің өмір бойғы төрағасы болады ма? Назарбаев сияқты ұлт көшбасшысы атанады ма?» деген тақырыпты белсенді түрде талқылады. Бұл парадокс. 

Біздің сайлауда ешқандай шиеленіс жоқ. Зеленский неліктен 73,22 пайыз жинады? Себебі, шиеленіс болды. Стадионда дебат өтті. Порошенконы қолдаған адамдардың одан көңілі қалды. Дональд Трамптың жеңісі де шиеленіске байланысты. Сайлаудың мәні неде? Әрине, шиеленісте», — деді Досым Сәтпаев.

Саясатшы Қазақстандағы сайлауға қатысты пікірін білдіре келе барлық кандидаттардың бір-бірінен ерекшеленбейтінін сөз етті.

 

 

stan.kz

Загрузка...