«Дос Мұқасан» тобының музыканты әуежай қызметкерін ұрып жіберген: Оқиғаның мән-жайы айтылды – Қазақстан жаңалықтары

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Нұр-Сұлтандағы әуежайда «Дос Мұқасан» тобының мүшесі Мұрат Құсайынов жолаушылардың тіркеуден өту және ұшаққа отыру процесін бақылайтын қызметкерді ұрып жіберген, деп хабарлайды Stan.kz Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, оқиға 14 сәуірде орын алған. Air Astana әуе компаниясының мәліметінше, Мұрат Құсайынов айқайлап сөйлеп, бейәдеп сөздер айтқан. 

«14 сәуірде Нұр-Сұлтан – Алматы бағыты бойынша КС 852 рейсінен деструктивті жолаушы шығарылды. Мұрат Құсайынов рейске отыратын кезде айқайлап сөйлеп, бейәдеп сөздер айтқан. Экипаж ұшу қауіпсіздігі үшін оны тасымалдаудан бас тартқан кезде, жолаушы әуе компаниясының қызметкерлерінің көзінше жолаушыларға қызмет көрсету ауысымының басшысын маңдайынан қатты ұрып жіберген. Осылайша, денсаулығына зиян келтірді», – дейді компанияның баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар әуе компаниясы зардап шеккен қызметкеріне қолдау көрсететінін айтты. 

Әуе компаниясы әуежайдағы желілік полиция бөлімшесіне шағым түсіріп, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, әртісті жауапқа тартуды сұраған. 

stan.kz

Загрузка...