Димаштың iD альбомын қайдан сатып алуға болады

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Мәдениет

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Әлемге әйгілі қазақ әншісінің алғашқы жеке альбомы бір сағат ішінде үш мәрте «платина» дәрежесін алған

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым — Sputnik. Танымал қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің iD атты алғашқы жеке альбомы тыңдармандарға жол тартты.

Әнші альбомының адам айтса сенгісіз жетістігі туралы Instagram желісінде хабарлаған.

«Бір сағат бұрын алғашқы жеке альбомым шықты. 37 секундта альбом «платина» дәрежесін иеленді. Ал бір сағатта үш мәрте «платина» альбом атанды. Шексіз бақыттымын», – деп жазды Димаш.

Ол қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғысын жеткізді.

«Әрқашан қолдау көрсететін тыңдармандарыма көп рахмет. Менің жетістігім сіздердің арқаңызда», – деді қазақ әншісі.

Димаштың алғашқы альбомын қайдан сатып алуға болады

Димаш Weibo қытай әлеуметтік желісінде де фанаттарына алғыс айтты. iD альбомын келесі платформалар арқылы сатып алып, жүктей аласыз:

Димаштың Қазақстандағы концерті

Еске сала кетсек, Димаш Құдайберген Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтанда  Arnau атты жеке ән кешін өткізуге дайындалып жатыр. Концерт 29 маусымда Елорда күніне орай өтеді. Кештің билеттері көптен күткен шоуға бір ай қалғанда түгел сатылып кетті.

Билеттердің құны 500 теңгеден бастап, 50 мың теңгеге дейін жеткен.



sputniknews.kz

Загрузка...