Димаш Құдайбергеннің суреті жанкүйерлерін дүрліктірді

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Әлеуметтік желіде жарияланған фото қызу пікірталас туғызды

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз — Sputnik. Әлемге танылған әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері желіде жарияланған суретті қызу талқылап жатыр. Кейбір адамдар фотода Димаштың темекі ұстап тұрғанын жазады.

Фотоны өзінің парақшасында әншінің жанкүйерінің бірі жариялаған.

«Бұл киіз үйдің ішіндегі сурет, «деарс» бір нәрсені байқадыңыздар ма әлде маған ғана солай көрінді ме?», – деп жазды rada_satp.dear.

Деарс (Dears) – Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына тәнті жандар өздерін осылай атайды.

Біраз уақыттан соң Димаштың өзге жанкүйерлері әнші қорғап, қыздың болжамын жоққа шығара бастады.

Тағы оқыңыз: Нұрлан Өнербаев Димаш туралы ойын ашық айтты

Болмайтын нәрсені ойлап таптыңыз, ешқандай темекі жоқ. Димаш салауатты өмір салтын ұстанады. Оның үстіне бәрінің көзінше киіз үйде темекімен суретке түспейтін еді», -деп жазды желі қолданушыларының бірі.



sputniknews.kz

Загрузка...