Димаш Құдайберген желіде жүрек елжіретерлік видео жариялады

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Мәдениет

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Желі қолданушылары Димаштың иығына Қазақстанның туын жамылғанын атап өтіп, залда отырған көрермендердің қазақ тілінде ән шырқағанына да тәнті болды

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан – Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген инстаграм желісіндегі парақшасында Сочиде өткен концерттен үзінді жариялады.

Видеодан әншінің сахнадан түсіп, құшағында сәбиі бар әйелдің қасына жақындап, нәрестенің бетінен сүйгенін көруге болады. Димаш иығына Қазақстанның туын жамылған.

Желі қолданушылары залда отырған көрермендердің қазақ тілінде ән айтқанына да тәнті болды.

«Айналайын, халқыңа деген махаббатың үшін мың да бір рахмет!», «Нағыз патриот», – деп жазып жатыр әншінің тыңдармандары.

Айта кетсек, Димаш Құдайберген 10 желтоқсанда Нью-Йоркте Arnau tour ENVOY  атты жеке концертін береді. Қазақстандық әнші бірнеше тілде – қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде ән салады.

Тағы оқыңыз: «Тұрып қошемет көрсетті»: Франция қазағы жұрттың Димашқа қалай тамсанғанын айтты

Концертті мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның АҚШ-тағы мәдениет күндері аясында ұйымдастырмақ. Димаш 19 мың көрермен сыятын Barclays Center аренасында өнер көрсетеді.

 



sputniknews.kz

Загрузка...