Димаш Құдайберген жаңа әні туралы айтты

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Әнші қытайлық  телехикаяға саундтрек жазған

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз — Sputnik. Әнші Димаш Құдайберген қытайлық «Go, Go Squid» сериалына саундтрек шыққанын хабарлап, фанаттарынан «Couldn’t Leave» әні туралы не ойлайтынын сұрады.

«Жуырда қытайлық телехикаяға менің сандтрегім шықты. Сіздерге ұнады деген үміттемін», – деп жазған Димаш әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады.

Әннің тұсаукесері 17 шілдеде өтті. Желіде ән толық жарияланды, Eurasian Fan Club фанаттары «Couldn’t Leave» әнін орыс тіліне аударды.

«Go, Go Squid» сериалы биыл жазда шықты. Аудармасы – «Алға, Кальмар», телехикаяның атауы басты кейіпкердің лақап атына орайластырылған. Бір сезонда 14 серия бар. 



sputniknews.kz

Загрузка...