Денсаулық министрлігі шұғыл 4 миллионға жуық бетпердеге тапсырыс берді

0
2

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

7 0 0

https://sputniknews.kz/images/old/951/94/9519479.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/society/20200128/12675658/4-million-betperde.html

Қытайдан таралып жатқан коронавирусқа байланысты ауруханаларға қосымша медициналық бетперделер сатып алынады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның ауруханаларына қосымша төрт миллионға жуық бетперде сатып алынады. Бұл туралы арнайы баспасөз мәслихатында бас санитар Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Ауруханалар үшін біз шұғыл қосымша медициналық бетперделерді сатып алып жатырмыз. Атап айтқанда, 2,5 миллион жай бетперде, 1,3 миллион респираторлық бетперде, бір рет қолданылатын және кәсіби костюмдер бар. Бұдан бөлек, диагностикалық аппаратураға арналған құрал-жабдықтар сатып алынады», – деді Бекшин.

Оның айтуынша, ауыр науқастарды тасымалдауға арналған 30 капсула да жеткізіледі. Сосын қосымша 33 тепловизор сатып алынады.

«Сонымен қатар біз отандық өнім өндірушілерден дәкеден жасалатын бетперделерді көптеп жасауды сұрадық», – деп атап көрсетті Бекшин.

Айта кетсек, бүгін таңертең денсаулық министрі респираторлық вирус белгілері бар төрт адамның ауруханаға жатқызылғанын хабарлаған еді, кейін олардың екеуі үйіне жіберілгені айтылды. Ал түстен кейін Қазақстанның бас санитары Жандарбек Бекшин тағы алты адамның ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеді.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз