Дәрі-дәрмексіз қатерлі дерттен қалай айығуға болады: Алматылық дәрігер дәстүрлі медицинадан түбегейлі бас тартты – Қазақстан жаңалықтары

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Адам денесіндегі белсенді нүктелерге массаж жасау арқылы түрлі дерттен айығуға болатынын біріміз білсек, біріміз біле бермейтініміз анық. Емдеу әдістерінің ішіндегі ең ерекшесі саналатын осынау тәсіл арқылы қатерлі дерттен де толыққанды жазылуға болатынын 3-нші дәрежелі массаж маманы, себепті нүкте тәсілінің Қазақстанда алғаш рет негізін қалаушысы, «Себепті нүкте» сауықтыру орталығының директоры Тұрсынгүл Әсемхан Stan.kz тілшісіне айтып берді.

Біз сөз еткелі отырған себепті нүкте Қытай медицинасының оңтайластырылған түрі. Әрі ревалюциялық жетістігі болып саналады. Осынау емнің түрін алғаш рет ойлап тапқан қытайлық дәрігер Жан Жаухан екен. Қатерлі дерттің асқынған түріне шалдығып, санаулы күн ғана өмірі қалған әйелі денесіндегі белсенді жеті нүктеге жасалған массаждың арқасында ажал тырнағынан сол мезет аман қалып, жылға жуық өмір сүріпті.  

Қытайдың Шыңжаң қаласында осы бір жұмбақ саланы оқып, игеріп шыққан біздің бүгінгі кейіпкеріміз – Тұрсынгүл Әсемхан 2014 жылдан бастап себепті нүкте тәсіліне түбегейлі бет бұрған. 

«Ем адам денесіндегі жеті ғажайып белсенді нүктені уқалау арқылы жүргізіледі. Емдеу барысында науқасқа зімбір ішкізіліп, шынтақпен уқалау әдісі қолданылады. Осылайша адамның сарқылып кеткен жылу қуатын толықтырамыз. Қуаты толық адамның иммундық жүйесі дұрыс жұмыс істейді де, өзін-өзі емдейтін қабілеті артады. Сондықтан, тұмаудан бастап, қатерлі дертке шалдыққандарға дейін құлантаза айығып кете алады», – дейді ол.  

Шындығында, бұл бір қарағанда, адам нанғысыз дүние болып көрінуі де мүмкін. Халықтың медицинаға қатты арқа сүйегені соншалықты, дәрі-дәрмексіз өмір сүре алмайтындай күйге түскенбіз. Ал, білікті массаж маманы Тұрсынгүл болса, осыдан сегіз жыл бұрын асқазанның қатерлі дертіне шалдығып, оны медицинаның көмегінсіз жеңіп шыққанын айтады.

«Дәрігерлердің қолдануға тиісті емінен түбегейлі бас тартып, тағам арқылы емделуге көштім. Сөйтіп, кәдуілгі картоптан крахмал бөліп алып, оған бал қосып, күн сайын таңертең ашқарынға ішіп отырдым. Сонымен қатар, себепті нүктелерімді анықтап, өз-өзіме массаж жасай бердім. Осылайша, кешенді ем жүргізудің нәтижесінде ауруымнан толығымен жазылдым. Қазір асқазанымда ешбір ақау жоқ», – дейді маман.



Қайсібір дертті болса да жеңіп шығу ең алдымен науқастың өзіне тікелей байланысты көрінеді. Мәселен, өкпе-бауырдың қатерлі дертіне шалдыққан қостанайлық Сәния есімді қыз Тұрсынгүлдің кеңесі арқылы денсаулығына асқан жауапкершілікпен қарайды. Бүгінде дертінен сауыққан ол өзінің сүйікті кәсібімен айналысып жүр.

«Күні бүгінге дейін қаншама адам қан қысымы, қант диабеті, аяқ-қол бұлшық еттерінің тартылуы, өкпе, бауыр және т.б көптеген аурулармен жүгінді. Әрқайсысының емделу ұзақтығы әртүрлі болды. Дегенмен, басым бөлігі ауруларынан жазылып, аяқтарынан тік тұрып, алғысын айтып кетіп жатыр. Бұл тұрғыда ескеруге тиісті бір мәселе – ем-шара аяқталғаннан кейін де кез-келген науқас салауатты өмір салтын ұстануы қажет. Яғни, дұрыс ұйықтау, тамақтану, қимыл-қозғалыста болу сияқты қарапайым көрінгенімен, маңызды саналатын ережелерді сақтауға міндетті. Сонымен қатар, кейбір дерті асқынған науқастар біздің мамандар көрсетіп берген әдіс бойынша белгіленген уақытқа дейін массаж жасауды жалғастыруы керек. Бұл өз кезегінде аурудың қайталауының алдын алады», – дейді массаж маманы.

Сондай-ақ, біраз уақыттан бері аяқ-қолы қозғалыссыз қалудың салдарынан іріңдеп қабынып кеткен Нұржан есімді жігіттің де Тұрсынгүл Әсемханның емінің арқасында үміті қайта оянды. Ауруы әбден асқынған оның жүйелі ем жүргізудің нәтжесінде аяқ-қолы іріңнен тазарып, қимылға келе бастады.

Халыққа адал қызмет етуді көздеген маман болса, бұл әдісті әрбір қазақтың білгенін қалайды. 

«Кез келген адам үшін емдеудің ең бір қолайлы әдісі болып табылатын себепті нүктемен емдеуді әрбір қазақ білсе екен деймін. Күні бүгінге дейін қаншама адамға білгенімді үйреттім. Бірі кәсіп үшін, енді бірі өзінің және жақындарының денсаулығы үшін үйренді. Қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде нәтижелі еңбек етіп жүрген шәкірттерім жетерлік. 

Осы тұста «Себепті нүктені не үшін үйрену керек? » деген сауалға жауап іздер болсақ, себепті нүктені үйренген адам барлық аурудың себебі суық екенін түсінеді. Салауатты өмір салтын ұстана отырып, дұрыс ұйқтауға, дұрыс тамақтануға, яғни өз денсаулығына зор пайдасын тигізетін қолайлы режим қалыптастыра алады. Сондай-ақ, осы салаға зер салып, үңіле отырып, күнделікті өмірде тұтынатын дәрі-дәрмекің барлығы біздің энергиямызды кемітетінін біледі. Өлімнің 90 пайызы организмге энергия жетіспеудің салдарынан болатынын ұғына отырып, дәрі-дәрмексіз емделуге жүгінеді. Сонымен қатар, жүрек қан-тамырлары сияқты қауіпті аурулар кезінде жедел құтқару тәсілін меңгере отырып, қаншама адамды аман алып қалуға септігін тигізе алады», – дейді «Себепті нүкте» сауықтыру орталығының директоры Тұрсынгүл Әсемхан.


 


    Арнайы Stan.kz үшін


 

stan.kz

Загрузка...