Дәмханада атпен қыдырған жігіт қамауға алынды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Алматы облысы Текелі қаласындағы дәмханаға бір жігіт атқа мінген күйі кіріп кеткен. Жұртты шошытқан тұрғын тиісті жазасын алды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша – Sputnik. Тосын жағдай кешкі уақытта, кафеде қонақтар көңіл көтеріп отырғанда болыпты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Ондағылар атты көріп шошып кеткен екен. Кейбіреулер дәмханаға келген жануарды видеоға түсіруге кірісіпті. Кейін бұл бейнежазбаны полицияға жібереді.

Тағы оқыңыз: Жылқы құлынды биені өрттен құтқару үшін көк түтінге кіріп кетті – видео

Жедел іздестіру шараларынан соң аттың иесі ұсталды. Атпен дәмханаға кірген 32 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Жұртты шошытқан ер адам қазір өз әрекеті үшін қамауда отыр.

«Ұсталып, полицияға жеткізілді. Бұзақылық ісі бойынша жиналған материал сотқа жолданды. Бұл азамат ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот шешімімен бес күнге қамаққа алынды», – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Серік Үпиев.

Тағы оқыңыз: Министрлікте білдей бастық: арам қатқан 46 жылқыны кім ұрлағаны белгілі болды



sputniknews.kz

Загрузка...