Cиноптиктер Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жасады

0

2018 жылғы 5 желтоқсан 18:45 22

Cиноптиктер Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қызылорда және Атырау облыстарында дауыл болады деп күтілуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

6-8 желтоқсан күндері Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, 6 желтоқсан күні күндіз, 7-8 желтоқсан күндері шығыс, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Дауыл болу ықтималдылығы — 90-95 пайыз.

6-7 желтоқсан күндері Атырау қаласында, Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Дауыл болу ықтималдылығы — 80-85 пайыз.