Чемпионатта қазақстандық боксшылар үш өзбекті ойсырата жеңді

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Спорт

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасының алты боксшысы алтын медаль алды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша — Sputnik. Моңғолия астанасы Ұланбатырда бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды.

Қазақстанның ерлер құрамасы алты бірдей алтын медаль алды. Мухаммедсабыр Базарбай уулу, Махмуд Сабырхан, Бейбарыс Жексен, Дархан Дүйсебай, Тоғамбай Сағындық пен Аманат Сабырғали чемпион атанды, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық боксшылардың нәтижелері

49 кг. Мухаммедсабыр Базарбай уулу — Селай Сой (Үндістан) — 4:1
52 кг. Махмуд Сабырхан — Суктет Суравут (Таиланд) — 5:0
56 кг. Бейбарыс Жексен — Хуршидбек Расулжонов (Өзбекстан) — 5:0
64 кг. Дархан Дуйсебай — Жавлонбек Юлдошев (Өзбекстан) — 5:0

Тағы оқыңыз: Әлімханұлы өзін Боратқа теңеген қарсыласын жойқын нокаутпен жеңді – видео

75 кг. Азамат Бектас — Сухробжон Каимов (Өзбекстан) — 1:4
91 кг. Тогамбай Сагындык — Амиршох Самадов (Өзбекстан) — 5:0
+91 кг. Аманат Сабыргали — Ю Донг Жин (Оңтүстік Корея) — 5:0.



sputniknews.kz

Загрузка...