БҚО-да жоба құны 25 миллион долларды құрайтын суперкомпьютерлері бар құпия бөлім салынуда — Қазақстан жаңалықтары

0

Батыс Қазақстан облысының Белес ауылында қытайлық құрылыс ұйымы Data орталықтың салынуын қолға алыпты. Бұл жерде үлкен көлемдегі мағлұматтар жиналып-сақталатын суперкомпьютерлер орналастырылмақшы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Экспресс К басылымына сілтеме жасап.

Сурет: express-k.kz сайтынан  

Бұл құрылысқа бастама болғандар жайлы әлі ақпарат жоқ екен. Тіпті ауыл әкімдігіндегілер де мағлұматтың келіп түспегендігін айтыпты. Ал құрылыс аймағы күзетке алынып, оның аумағына бөтен адамдардың кіруіне шектеу қойылған. 

Тіпті Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Ісқалиев те бұл жағдай жайлы тіс жармады. Ол алдағы уақытта барлығы белгілі болады деп сендірді. 

Бәйтерек ауданының әкімі Асхат Шахаровтың сөзінше, бұл жерде Data орталық салынады деп жоспарланған. Жоба құрылысы 25 миллион долларға бағаланыпты. Орталықтың қуатылығы сонша —  көршілес мемлекеттерге қызмет көрсете  алады екен. 

 

stan.kz