«Біздің мақсатымыз – көшбасшы болып қалу және жаңа трендтер беру» — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанның автонарығы жылды өсумен аяқтап отыр: егер 2018 жылы елімізде 58 мың жаңа автомобиль сатылса, осы жылдың соңында болжамдар бойынша 70 мыңға жуық сатылады.

Көптеген сатып алушылар Қазақстанда өндірілген автомобильдерді таңдайды. 2016 жылы отандық өндірушілердің нарықтық үлесі 25%-дан аспаған болатын, бүгінгі күні жергілікті жерде өндірілген автомобильдерді енді 50%-дан астам қазақстандық таңдайды.  

Өскемен қаласында «АЗИЯ АВТО» зауытының іске қосылумен, Қазақстанда автоөндіріс 2002 жылы пайда болған. Зауыт LADA, KIA, Skoda және UAZ автомобильдерін өндіреді және бүгінгі күні отандық автомобильдерге сұраныстың жартысын қамтамасыз етеді. 
Кәсіпорын өзінің 17 жылдығын 9 желтоқсанда атап өтеді, еліміздегі тұңғыш автозауыттың командасы жылдың алдын ала қорытындысын шығарады. 

 
 «АЗИЯ АВТО» АҚ Бас директоры Ерік Сағымбаев:

— Біздің зауыт барлық автомобиль саласы сияқты осы жылды оң нәтижелермен аяқтауда. Біздің өнімдерімізге сұраныс тұрақты түрде өсуде, біз отандастарымызға бізге сенім білдіргендері үшін алғыс айтамыз. Біздің тұтынушыларымыз тек қозғалыс құралын ғана емес, одан да жақсысына алуы үшін біз үздіксіз жұмыс істейміз. 
Біз – Қазақстанның автоөндірісінің пионерлеріміз және жаңа трендтер беретін көшбасшы болып қаламыз да. Біздің өршілдігіміз бен біліміміз өз құзыретімізді арттыра береді. Бізге енді лицензиялық құрастырумен айналысу жеткіліксіз, ол салада біз өнімділік пен сапаның жоғарғы көрсеткіштеріне қол жеткіздік, бүгінгі күні біз өз әзірлемелерімізбен, соның ішінде  IT-саласы мен қызметтер саласындағы әзірлемелерге әуестенудеміз. Осы жылы біз өзіміздің үш тауарлық белгімізді тіркедік, біздің конструкторлық-өндірістік бөлімнің әзірлемелерін патенттеу жұмысы үздіксіз жүргізілуде. Іс жүзінде барлық әзірлемелер сериялық өндіріске іске қосылды және нарықтан үздік пікір алды.

Сонымен, «АЗИЯ АВТО» конвейерінде Connected Cars технологиясын сериялық қолданған, Кеңес дәуірінен кейінгі тұңғыш автозауыт болды. Өзіміз әзірлеген BIPEK Contact телематикалық күзет-сервистік жүйесімен бүгінгі күні біз шығаратын автомобильдердің 80%-дан астамы жабдықталады. Автобизнес сарапшыларына бұл көрсеткіштер көп жетістікті, бірінші кезекте, жоғарғы құзыретті және компанияның технологиялық дамуының деңгейін білдіреді. IT-технологиялар мен ЕЭО автоөндірушілерінің 100-ден астам көшбасшыларын біріктірген, «Автодата» ірі технологиялық консорциумындағы жаңа телематикалық платформаға бірлескен әзірлеуші ретінде кіруге «АЗИЯ АВТОНЫ» шақыру кәсіби танылудың нәтижесі болды. 
Мысалы, екі ай бұрын BIPEK Contact жүйесі мемлекеттік мекемеге тиесілі LADA 4×4 сияқты автомобильдің онлайн түрде автомобильдің қозғалысы мен жағдайын қадағалауға мүмкіндік беретін ең заманауи телематикалық жүйемен жабдықталуы мүмкіндігін күтпеген, автомобильді ұрлап айдап кетушіні ұстауға мүмкіндік берген.  
Аяқталатын жылы «танымал» болған біздің басқа әзірлемеміз, нарыққа AZIA TRAIL маркісімен шыққан жеңіл автомобильдерге арналған тіркемелер желісі болды. Кең модельдік қатар, жоғарғы сапа мен тартымды бағамен үйлескен жинақылық AZIA TRAIL тіркемелеріне сатудың бірінші жылының өзінде нарықтың 40%-ын алуға мүмкіндік берді. Ол біз күткеннен асып түсті және келесі жылы біз ішкі нарықтағы біздің тіркемелеріміздің үлесін екі еселеп қана қоймай, оларды біздің Ресей желілерінде сатумен де айналысуды жоспарлап отырмыз. 

Тұрақты табыс әкеліп тұрған осы бизнес-жобалардан басқа, біз жолсыз жерлерге арналған арнайы техникалардың бірнеше түрлерін әзірлеуді жүргізудеміз. Бұл жұмыстар әзірше «құпия» белгісімен тұр, біздің авторлық құқықтарымызды тіркеудің барлық  рәсімдері аяқталғаннан кейін келесі жылы тұтынушыларға ұсынылады. 

Автоөндіріс 2019

Қазақстанның автоиндустриясы 2014-2016 жылдардағы үлкен нарықтық құлдыраудан кейін қайта қалпына келуді жалғастыруда. Автокөлік өндіру жыл басынан бастап 50,4%-ға өсті. 10 айдағы республикалық ЖІІ-дегі автомобиль саласының үлесі 61,6%-ға өсті және 269,2 млрд.теңгеге жетті. 

«Made in KZ» техникасына басымдық беретін автомобилшілердің қатары ұлғайып келеді: 10 айдың қорытындысы бойынша 57% сатып алушы отандық автозауыттардың өнімдерін таңдайды.

Өскемен қаласында конвейердегі жаңа LADA Granta

Барлық жұмыс істеген уақыт ішінде «АЗИЯ АВТО» 166 мыңнан астам автомобиль шығарды, «БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО» компаниялар тобы барлығы 500 мыңнан астам автомобиль сатқан, олардың жалпы құны 7 млрд. $-дан асады. 

Бүгінгі күні Қазақстандағы топтардың нарықтық үлесі 30%-дан асады. Автоорталықтардың желісі Қазақстанның 19 қаласында және Ресейдің 15 қаласында ұсынылған. 

Топтың жиынтық салық төлемдері 500 млн. $-дан асады: «АЗИЯ АВТО» зауыты мен компаниялар тобы толығымен, автомобиль саласының салық түсімдерінің көп бөлігін қамтамасыз етеді. Автоөндірісті дамытуға бағытталған компаниялар тобының инвестициясы 500 млн.$-ға жетті. 

Өскелең сұраныстың іргетасы

«АЗИЯ АВТО» модельдік қатары тұтынушылардың қажеттіліктері мен тілектеріне нақты бағытталудан қалыптасады. Нәтижесі – зауыттың өнімдеріне сұраныстың артуы. 
Жергілікті өндіріс модельдерінің рейтингінде ең танымал 10 автомбильдің   5-еуі Өскемендегі конвейерден шығарылады. Толық аяқталмаған жылдың қорытындылары бойынша елімізде «АЗИЯ АВТО» конвейерінен шыққан 16,5 мың автомобиль сатылған, ол Қазақстан автозауыттарының сатуының 52%-ын құрайды. 

Жаңартылған седан KIA Rio –отандық нарықтағы ең танымал модельдердің бірі. 

Осы жылы зауыт ұсынған жаңа автомобильдердің арасында  өкілдік класты седан — KIA K900, KIA Soul заманауи кроссовері, динамикалық LADA XRay Cross, экспедициялық орындаудағы жол таңдамайтын UAZ Patriot бар.  

Өкілдік  KIA K900 осы жылы «АЗИЯ АВТО» конвейеріне тұрды. 

Skoda маркісінің әуесқойларына «АЗИЯ АВТО» жаңартылған Superb бизнес-седан ұсынды. Желтоқсанда LADA Granta Cross ықшамды кроссоверін құрастыру іске қосылады,  көптен күткен (CVT) вариаторы бар LADA Vesta және XRay шығаруға өндірісті дайындау аяқталады. 

Тиімділік көшбасшысы

 «АЗИЯ АВТО» өндірістік жүйесі «тиімді өндіріс» саласындағы мамандарға жақсы таныс. Өскемен зауыты өзінің тиімділігін жоғарылату жұмысын жүргізетін компаниялар үшін көптен бері «саяхатқа келу» орыны болған.

Зауыт BIPEK Contact әзірлегені үшін «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік конкурс-көрмесінде жеңіске лайық болды

2019 жылы автозауыттың өндірістік жүйесі әртүрлі шағын жүйелерді – МСЖ (сапа менеджменті жүйесін – ескерт.), серіктес-компаниялар жүйесін, энергия тиімділігі жүйесін, қауіпсіздікті басқару және еңбек қорғау жүйесін, «Спектр» деген ашық атпен бірыңғай экожүйеге біріктіріп, дамудың жаңа кезеңіне өткен. 

 «Ақылды» өндірістік жүйені дамыту компанияға өнімділігі жағынан Қазақстанның машина жасау саласының сөзсіз көшбасшысы болып қала отырып, бір қызметкерге 106 мың доллар – өнімділігі бойынша әсерлі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.  

Дамуға арналған мөлшерлеме

 «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» командасының жаңа мақсаты – толық циклды зауыт. Оның құрылысы үздіксіз жүріп жатыр және бүгінгі күні компаниялар тобы жобаға шамамен 80 млн.$ өз қаражатын  инвестициялаған. Салынып жатқан «АЗИЯ АВТО Қазақстан» зауытының өндірістік қуаты бастапқы кезеңде жылына 60 мың автомобиль шығаруды қамтамасыз етеді. 

Жобаның негізінде – Қазақстандағы автомобильге сұраныстың артуы, сондай-ақ ЕЭО елдерінің нарықтарына болашақта жеткізулер туралы «АВТОВАЗ» атынан технологиялық серіктеспен уағдаластық бар. Қазақстанның автомобиль холдингінің активінде – «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» компаниясы LADA маркісінің ірі дилері болып табылатын, Қазақстан мен Ресей нарығында алдыңғы позицияларды алатын анағұрлым бәсекеге қабілетті өнімдер бар. 

 «АЗИЯ АВТО Қазақстан» толық циклді зауыты – Қазақстан автоөндірісінің ең ауқымды жобасы

Зауыттың аумағының алаңы — 128,2 га, құрылыс пен қоймалар 28, 77 га алаңға орналастырылады, өндірістік қуаты бірінші кезекте жылына 60 мың автомобильді құрайды. Пісіру мен бояуға арналған жабдықты жетекші әлемдік өндірушілер жеткізеді. Шанақтарды пісіруді 12 робот жүзеге асырады. Бояу цехы бояу тұманын «құрғақ» сүзгілеу және шанақтарды автоматты ауыстыру жүйесімен жабдықталады, бояуды 9 робот жүзеге асырады. Салқындату мен желдетудің энергия үнемдейтін жүйелері өндірістің экологиялығы мен энергия тиімділігін қамтамасыз етеді.  
Салынып жатқан «АЗИЯ АВТО Қазақстан» зауыты Қазақстанның автомобиль өндірісін дамытуда жаңа кезең болатын, ауқымы мен технологиялығы бойынша теңдессіз жоба болып табылады. 
 

stan.kz