Бішкек тұрғыны 9 жасар жиенін көлікке байлап сүйреген

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Азияда

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Жеткіншектің анасы Ресейге ақша табуға кетіп, ұлын нағашыларының қолында қалдырған

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Бішкекте 33 жастағы ер адам жиенін BMW көлігіне байлап, бірнеше метрге сүйреді деген күдікке ілінді, деп жазады Sputnik Қырғызстан.

«27 сәуірде сағат 8:00 кезінде аудандық ішкі істер басқармасына «Алтын Қазық» тұрғын алабында ер адамның баланы соққыға жыққаны туралы хабар түскен. Құқық қорғаушылар бірден оқиға орнына аттанып, олардың кім екенін анықтады», – делінген Ішкі істер бас басқармасы хабарламасында.


©
Foto : Қырғыз Республикасы ішкі істер бас басқармасы

Нағашысы жиенін соққыға жығып, артынша көлікке байлап сүйреген

Тұрғын алабындағы үйлердің бірінде денесінің сау-тамтығы жоқ тоғыз жасар бала табылыпты. Милицияның мәліметіне сүйенсек, жеткіншекті туған нағашысы ұрып-соғып, көлікке байлап сүйреген.

Бала ауруханаға жеткізілді. Анасы Ресейге ақша табуға кетіп, ұлын нағашыларының қолына қалдырған екен.


©
Foto : Қырғыз Республикасы ішкі істер бас басқармасы

Нағашысы жиенін көлікке байлап сүйреген

Күдікті ұсталды, аталған дерек «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.



sputniknews.kz

Загрузка...