Білім министрі Күләш Шәмшидинова қызметінен кетті

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Саясат

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Күләш Шәмшидинова білім және ғылым министрі болып төрт айдай ғана жұмыс істеді

НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Күләш Шәмшидинова басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Білім және ғылым министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды премьер-министрдің сайты.  

Үкімет басшысы Асқар Мамин Күләш Шәмшидиноваға жемісті жұмысы үшін алғыс білдіріп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.  

«Күләш Ноғатайқызы тәжірибесі мол басшы. Министр қызметінде қарқынды жұмыс істеп, еліміздің білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосты», — деді ол. 

Мамин Білім және ғылым министрлігінің ұжымына жаңа министрді таныстырды. Ол Асхат Аймағамбетовтың білім беру саласында тиісті білімі мен үлкен тәжірибесі бар екенін атап өтті. Асхат Аймағамбетов түрлі жылдары Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы, білім және ғылым вице-министрі қызметтерін атқарды. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды.

Тағы оқыңыз: Жаңа білім министрі туралы не білеміз?

 



sputniknews.kz

Загрузка...