белгілі шоуменді өз пәтерінде ұрып-соғып кетті

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ұрып-соққандардың бірі анықталды, тағы екеуі құқық қорғау органдарынан жасырынып жүр

АЛМАТЫ, 5 тамыз — Sputnik. Алматыда белгілі шоумен Антон Вороширинді өз пәтерінде таныстары соққыға жығып кетті. Күдіктілер оның құрбысын да ұрып-соққан.

Шоуменнің айтуынша, бірінші тамызда таныс әйел хабарласып, кездескісі келеді. Алайда ол Ворошириннің үйіне жалғыз келмеген.

«Арамызда кикілжің болған құрбысын ертіп келіпті. Қасында бейтаныс жігіт бар еді», – деді шоумен Sputnik Қазақстан тілшісіне телефон арқылы.

Екатерина Антонға «мені жамандадың» деп кінә артып, қоқан-лоққы көрсетеді. Ақыры үшеуі шоуменнің үйінің астаң-кестеңін шығарып, құрбысы Дарьяны шақыруға мәжбүрлейді. Дарья келген соң, Антон екеуін күштеп, Екатеринаға алты миллион қарыз екені туралы қолхат жазғызып алған.

«Содан соң бізді ұрып-соқты. Органдарға хабарласақ, бізден және жақындарымыздан өш алатындарын айтты. Телефонымыз бен жеке куәлігімізді алып кетті», – дейді Вороширин.

Ворошириннің құрбысы Дарьяның жағы шығып, тістері сынған.

Тағы оқыңыз: Алматыда үйіне келген әйел жатын бөлмеде балтамен жүрген қаскөйдің үстінен түсті

Шоумен полиция бөліміне шағым түсіріп, медициналық анықтама алды. Қаланың полиция департаменті баспасөз қызметі айтқандай, қазір Қылмыстық кодекстің 389-бабы «Өзінше билік ету» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

«Күдіктілердің бірі анықталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Тағы екеуі – ер мен әйел іздестіріп жатыр, олар тергеуден әдейі қашып жүр», – деп атап өтті баспасөз қызметі.

Олардың кінәсі дәлелденсе, үш жылға дейін бас бостандығы шектелуі немесе сонша мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.



sputniknews.kz

Загрузка...