Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова жаңа қызметке тағайындалды ​

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Мәдениет

Қысқа сілтеме алу

34 0 0

Ол енді «Қазақконцерттің» шығармашылық қызметін басқарады

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Әнші Мөлдір Әуелбекова «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы шығармашылық қызметінің басшысы болып тағайындалды. Мекеменің директоры Жеңіс Сейдуллаұлының тиісті бұйрыққа қол қойды. 

«Эстрада, классика, фольклор, театр бағытындағы еліміздің үздік шығармашылық ұжымдарын бір арнаға тоғыстырып, қазақ өнерінің қарашаңырағына айналған «Қазақконцерттің» шығармашылық қызметіне енді Мөлдір Әуелбекова басшылық жасайды», – деп жазылған мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ведомствоның мәліметінше, бұдан бұрын ол «Қазақконцерттің» эстрадалық топтарына жетекшілік етіп, шығармашылық ізденістерінде жаңа идеялар мен тың бастамаларға бейім екендігін көрсеткен.

 Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлегі 2011 жылы эстрадалық өнер магистрі атанған.

Мөлдір Әуелбековаға мəдениет жəне ɵнер саласындағы жоғары жетiстiктерi үшiн 2018 жылы «Құрмет» ордені тапсырылды. ​ ​



sputniknews.kz

Загрузка...