Батыс Қазақстанда 11 жасар оқушы сыныптасының көзіне қалам тығып алды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Жасөспірімге операция жасалды, дәрігерлер оның хәлі қалыпты деп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Жанғалы ауданындағы №3 орта мектептің бесінші сынып оқушысы сыныптасының көзіне зақым келтірді.

Оқиға дүйсенбі, 6 мамырда болған. Аудандық білім бөлімінің жетекшісі Елжас Қадыровтың айтуынша, 11 жасар жасөспірімнің партаның үстіне лақтырған қаламы ұшып кетіп, басқа оқушының көзіне барып тиген, деп хабарлайды «Мой город» порталы.

Бұл уақытта мұғалім сабақта болмаған, ол мектеп директоры өткізген жиналысқа шығып кетеді.

«Мектептің мейірбикесі балаға алғашқы жәрдемді көрсетті, содан кейін оны ауруханаға жеткізді», – деді Қадыров.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқушының көзінің ішкі қабығына зақым келген. Облыстық аурухананың офтальмологиялық бөлімшесінде оған операция жасалды. Дәрігерлер баланың жағдайын қалыпты деп бағалап отыр.

Мектеп оқушысы өзін келемеждеген сыныптасын атып өлтірді

Үлкен қызға қырындаған оқушының биі жұрттың ішек-сілесін қатырды – видео



sputniknews.kz

Загрузка...