Батыс Қазақстанда 100 бас қой мен он шақты сиыр тірідей өртеніп кетті

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Болжам бойынша біреулер қасақана өрт қойған болуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз — Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Жанғалы ауданындағы шаруа қожалығының аумағында шыққан өрттен жүз қой мен сегіз сиыр өлді, деп хабарлайды «Мой город» өңірлік сайты.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің  зілзала қауіптерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ерлан Түрегелдиевтің айтуынша, өртті біреулер қасақана қойған.

«Өрт 24 тамызда түнде шықты. Салдарынан 100 бас қой мен ешкі және сегіз ірі қара өлген. Өрт аумағы 2450 шаршы метр болды. 162 тонна шөп өртенген. Болжам бойынша біреу қасақана өрт қойған болуы мүмкін», – дейді ол.

Өрт таңғы 09:00-де сөндірілген. Қазір материалдық шығын есептеліп, кінәлілер іздестіріліп жатыр.

Сондай-ақ Бәйтерек ауданындағы Достық ауылдық округінде тағы бір өрт шыққан. ЖШС аумағында 200 тонна шөп өртеніп кетті.



sputniknews.kz

Загрузка...