Батыс елдері Ливияда бейбітшілік орнатушы кім екенін біледі

0
2

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Эммануэль Макрон мен Ангела Меркель Берлин саммитінде Владимир Путинді «жоғалтып алды», деп хабарлайды бұқаралық ақпарат құралдары. Сарапшы Владимир Орлов Sputnik радиосының эфирінде батыс көшбасшылары Ресейдің Ливияда бейбітшілік орнату бойынша еңбегін бағалайды дейді

Германия канцлері Ангела Меркель мен Франция президенті Эммануэль Макрон Берлиндегі Ливия бойынша конференцияда Ресей басшысы Владимир Путиннің суретке түсу рәсіміне кешігіп келгеніне абдырап қалды. Бұл туралы Sputnik Франция хабарлады.

Видеодан Меркель мен Макронның саммиттің басқа қатысушыларымен бірге хаттамалық фотосессияға дайындалып, Ресей басшысының әлі келмегенін байқағанын көруге болады.

Мемлекет басшылары бір-біріне қарайды, одан кейін Германия канцлері Біріккен ұлттар ұйымы бас хатшысы Антониу Гутеррештен Владимир Путин қайда деп сұрайды.

Ресей президенті суретке түсу рәсімінде соның жанында тұруы тиіс болатын. Бір сәт өткеннен кейін Ресей басшысы түсірілім орнына келеді.

Оны француз әріптесі қарсы алып, Меркель суретке түсу үшін қай жерге тұру керектігін көрсетеді.

Тағы оқыңыз: Ливия мемлекеттілігін НАТО жойды – Лавров

Берлинде Ливиядағы жағдайды реттеу бойынша халықаралық бейбіт коференция өтті. Келіссөздерге Путин, Меркель, Макрон, Гутеррештен басқа, Ұлыбритания, Египет, Түркия президенттері, Еурокомиссия басшысы мен өзге халықаралық ұйым өкілдері қатысты.

Ливиядағы гуманитарлық проблемаларды шешуді көздейтін қорытынды құжат қабылданды. Бұған қоса, тұрақты татуласуды қамтамасыз ету үшін әскери комитет құру туралы шешім қабылданды.

Әскери-саяси журналистика орталығының сарапшысы Владимир Орлов Sputnik радиосының эфирінде Батыс елдері Ресейдің Ливияда бейбітшілік орнату бойынша күш-жігері мен еңбегін бағалайды деген пікір білдірді.

«Шынымен де, бүгінгі күні Ресей Ливиядағы бітімгерлік процесінің негізгі ойыншыларының бірі саналады. Америка Құрама Штаттары мен батыс одағы ол жердің астан-кестеңін шығарды. Ал Ресей бүгін осы қақтығыстың түрлі саяси, әскери тараптарын келіссөздер үстеліне отырғызып отыр. Мәскеу мен Берлиндегі конференциялар Ресейдің қазір осы бітімгерлік процесінің негізгі бастамашысы екенін көрсетті», – дейді Владимир Орлов.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз