«Басқа жер табылмады ма?»: Денис Тен көз жұмған жерде тамақтанғандар алматылықтарды ашуландырды (видео) – Қазақстан жаңалықтары

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Алматыда танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен көз жұмған жерде түскі ас ішкендер қала тұрғындарын ашуландырды. Спортшының жанкүйерінің сөзінше, қайғылы жағдай орын алған жерде түсірілім тобының мүшелері тамақтанған, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Денис Теннің Айгерім есімді жанкүйері болған жайт туралы Instagram желісінде айтып берді. Оның сөзінше, 17 қарашада марқұм спортшының жанкүйерлері оның көз жұмған жерінде сенбілік жүргізбек болған. Алайда ол жерге барғанда, бір топ адамның тамақтанып отырғанын көріпті.

«Біз түскі сағат 2-нің шамасында сол жерге барып, бір топы адамның жайғасып, тамақтанып отырғанын көрдік. Жақын жерде серуенде қолдануға арналған электр құрылғылары бар асүй болды. Анықталғандай, Абай мен Байсейітов көшелерінің қиылысында боевик элементтері бар комедиялық фильмнің түсірілім жұмыстары жүріп жатыр екен. Олардан неліктен дәл осы жерде тамақтануды ұйғарғанын сұрадық. Олар осылай ыңғайлы болғанын айтты. Алайда аллея өте үлкен ғой. Басқа жер табылмағаны ма? Түсірілім жүріп жатқан жерден бері қарайғы жолда сәкілер қойылған жақсы аулалар бар», – деп жазды Айгерім. 

Қыздың сөзінше, түсірілім тобы кеткеннен кейін, олардың артында көптеген ұсақ қоқыс, сонымен қатар темекі тұқылдары қалған. 

«Олар тамақ жеп отырып бізге қарап: «Осы жерде Денисті пышақтап кеттке жоқ па еді», – деді. Бұл дұрыс емес. Олар үшін мен ұялдым. Сонымен қатар білуімше, Дениспен жақсы таныс болған фильмнің продюсері үшін де ұялдым», – дейді спортшының жанкүйері. 

Tengrinews.kz порталының мәліметінше, Денис Теннің ескерткішіне жақын жерде «Гүлдер» операциясы» фильмінің түсірілім жұмыстары жүргізіліп жатыр. Онда басты рөлді әнші Айқын Төлепберген сомдайды. Сонымен қатар ол аталған фильмді түсіріп жатқан Aik Production компаниясына басшылық етеді. 

Компания өкілдерінің сөзінше, ескерткіштің маңында тамақтану «кенеттен қабылданған шешім» болғанын айтып, ешкімді ренжіткісі келмегенін жеткізді. Сонымен қатар актерлердің ешқандай қоқыс тастамағанын айтты.

«Біз түсіндіріп, Денис Теннің анасынан бірнеше рет кешірім сұрадық. Денистің өз халқы үшін көп еңбек атқарған ұлы спортшы болғанын бәріміз мойындаймыз. Оның туыстары біздің әрекетімізді бұрыс түсінгенін қаламайтын едік», – дейді компаниядағылар.

Сондай-ақ, сол күні Айқын Төлепбергеннің Алматыда болмағаны айтылды. Әнші Денистің туыстары, достары мен жанкүйерлерінен кешірім сұрады. 



stan.kz

Загрузка...