Барыс пен кесірткенің айқасы видеоға түсірілді

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Роликтен кесіртке барыстың шабуылынан құйрығымен қорғанып жатқанын көруге болады

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр — Sputnik. Оңтүстік Африка Республикасындағы Крюгер ұлттық паркін аралап жүрген турист барыстың келеспен (кесіртке) шайқасын видеоға түсіріп алды.

Бұл көріністің ерекше болып шыққаны соншалық, қорық басшылығы видеоны өздерінің ресми интернет-ресурстарында жариялады.

Роликтен кесіртке барыстың шабуылынан құйрығымен қорғанып жатқанын көруге болады, алайда бір кезде жыртқыш бауырымен жорғалаушыдан айласын асырып, оны өлтіреді. 

«Кесіртке жыртқыштан қауіп төнгенін түсініп, құйрығымен сабалап, қорғана бастады. Құйрық өте қуатты құрал болып шықты – оның соққыларынан барыс есеңгіреп қалды. Дегенмен жыртқыш кесірткеден айласын асырып, оның мойнынан шап беріп ұстап алды. Барыс жемтігін алып, бұталардың арасына кіріп кетті», — деп атап өтті ролик авторы Коста Франгескидес.

  



sputniknews.kz

Загрузка...