Азаматтық форум: Назарбаев Білім министрінен жетімдердің жағдайын сұрады

50
- Жарнаманы баса кетіңіз -

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Елордада кеше басталған VІІІ Азаматтық форум бүгін жалғасын тапты. «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Әріптестік. Сенім» тақырыбы арқау болған бүгінгі жиынға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

«Мемлекет пен қоғам арасында ашық диалог орнатудың қажет екенін мен әрбір өз Жолдауымда айтып келе жатырмын. Біздің басты мақсатымыз – азаматтарымыз саналы болып, мәртебесі жоғары, дамыған қоғам құру. Еліміздің бірлігі мен тұрақтылығы үшін жұмыла еңбек етсек, барлық міндеттерді жүзеге асырамыз, өркендеген, өскен 30 елдің қатарына кіреміз. Бұл форумның үкіметтік емес секторға серпін беріп, азаматтық қоғамның дамуына үлкен жол сілтейді деп сенемін», – деді Назарбаев.

Форумда елімізде жетімдерді асыраумен асырайтын 11 агенттік бар, ал бірде-бір қазақстандық агенттік жоқ екені айтылған еді. Президент осыған қатысты Білім және ғылым министрінен түсініктеме беруді сұрады.

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев БҒМ позициясы және стратегиясы – Қазақстанда Балалар үйінің болдырмау екенін айтты.

«Біз соңғы үш жылда 24-ін (Балалар үйі-авт.) қысқарттық, 122-сі қалды. Жыл сайын балалар саны 1-1,5 мыңға азайып келеді. Қазір 7 мың болды. Енді бұл процесс жылдамдай түседі. Өйткені Балалар үйінде негізінен үлкен жастағы балалар ғана қалды. Олар түлеп кетеді. Біз патронат отбасы механизмін жасаймыз. Отбасы баланы алады, ақшасын мемлекет төлеп отырады. Процесс жылдамдайды. Біздің ойымызша, 2 жылдан кейін 3-3,5 мың бала қалады. Сол кезде осы саланы толығымен үкіметтік емес секторға беруге болады. Ал бала асыраумен айналысатын агенттіктер мәселесін қарастырамыз. Дегенмен, соңғы үш жылда бірде-бір бала шетелге шыққан жоқ, барлығы осында асырап алынды», – деді Ерлан Сағадиев.

Сондай-ақ, Елбасы еліміздің ауқатты азаматтары үкіметтік емес секторға көмектесу керектігін айтты. Президент еліміздің үкіметтік емес секторының бүгінгі ахуалымен танысқан еді.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстанда Жетімдер үйі болмауы керек деген болатын.















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ

Загрузка...