автобус жүргізушісі аялмадамада болған сұмдық туралы айтты

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Оқиға салдарына автобустардың шынысы сынып, адамдар сасқалақтап жан-жаққа қашқан. Полиция күдіктілерді іздеп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан — Sputnik. Белгісіз біреу Қарағандыда жолаушылар автобусына оқ атты. Ресми мәліметтер бойынша, зардап шеккендер жоқ. Бірақ бір жолаушы психологиялық көмекке жүгінген, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Қаскөйлер аялдамаға тоқтаған төрт автобусқа оқ жаудырған. Оқиға кеше кешке Қарағандыдағы автобус аялдамаларының бірінде болды. 45-ші бағыттағы автобус жүргізушісі Ермек Сыздықов тапанша даусының естілмегенін айтады. Тек бір жолаушының сасқалақтап автобустан шығуға тырысып жүргенін көрген.

«Бәрі шошып кетті. Біреулер оқ  атып жатты. Содан кейін 40-шы автобус келді. Полиция қызметкерлері  де болды. Ол кезде аялдамадағы  адамдар қашып кетті», – дейді ол.

 

 



sputniknews.kz

Загрузка...