Автобус таксиге соғылып, 5 адам қайтыс болды

38
- Жарнаманы баса кетіңіз -
Автобус таксиге соғылып, 5 адам қайтыс болды


Қатты соққыдан жолаушылар автобустан ұшып кетті, такси жүргізушісі ажал құшқан.

Гонконгта туристік автобус қатты жылдамдықпен келе жатып такси көлігіне соғылды, жол апатынан 5 адам қаза тауып, 32 адам зардап шеккен. Полицейлердің сөзіне сүйенсек, автобустың 62 жастағы жүргізушісі қатты шаршап кеткен болса керек, себебі 27 қарашадан бері таңғы жетіден кешкі жетіге дейін үзіліссіз жұмыс істеген

Полиция жүргізушінің жолға шығар алдында ішімдік ішкен-ішпегенін тексермек. Автопарк басшылығы мәлімет бергендей, қызметкерлердің денсаулығы басты назарда, жол апатында зардап шеккен жүргізуші қайғылы сапардың алдында төрт сағат ұйықтапты.

Жол апаты Цин-И аралында әуежайға апаратын жолда болған. Автобус жұмысшыларды орталықтан қаланың әуе портына апара жатқан. Соққының қатты болғаны сонша, кей жолаушылар автобустан ұшып кеткен. Полицейлердің айтуынша, олар қауіпсіздік белдігін тақпаса керек. Кейбір зардап шеккендер ауыр халде жатыр. Оқиға орнына он жедел жәрдем шақырылған.

Дереккөз: Sputnik

Загрузка...