Ауруханаға өрт қойып, терезеден секіріп кеткен күдікті ұсталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Ауруханаға өрт қойып, терезеден секіріп кеткен күдікті ұсталды – БҚО От қойып, табанын жалтыратқан. Батыс Қазақстан облысында ауруханаға өрт қойып қашып кеткен азамат ұсталды. Ол Тасқала ауданының 41 жастағы тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп.

аурухана

«Заң бұзушы ұсталды. Ол Орал қаласының психиатриялық ауруханасына жатқызылды. Сонымен қатар бұл фактіге байланысты ҚР ҚК 202 бабының екінші бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды», — дейді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Өзге біреудің мүлкін бүлдіріп, өртегені үшін оған ірі көлемде айыппұл салынуы, тіпті бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір азаматтың ақыл-есінің дұрыстығы анықталуда. Науқас өзі жатқан палатадағы матрасты өртеп, екінші қабаттан секіріп кеткен. Соның салдарынан ол бөлме толық отқа оранып, дәлізді қара түтін басқан. Зардап шеккендер жоқ. Қазір ауруханаға келтірілген шығын есептеліп жатыр.

stan.kz