Ауа райы болжамы: 15 қыркүйек

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Қазақстанның бірқатар өңірінде жел тұрып, күн күркіреп, жаңбыр жауады, қалған бөлігінде күн ашық болады

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек — Sputnik. Жексенбіде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыста ғана күн құбылмалы – кей жерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста нөсер құйып, дауыл соғады, бұршақ түсуі мүмкін.

Республиканың кей жерінде тұман түсіп, жел тұрады, деп болжам жасады «Қазгидромет» метео қызметі.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күндіз жаңбыр жауады, +20, түнде +8.

Алматыда да күн жаңбырлы болады, +18, түнде +15.

Шымкентте күндіз көшпелі бұлтты, +25, түнде +17.

Өңірлердегі ауа райы

Түркістан, Қызылорда облыстарында кей жерде күн күркірейді, шаңды дауыл  соғады, желдің екпіні 15-20 м/с, Түркістан облысында кей жерде бұршақ түседі.

Батыс Қазақстан облысында, күндіз Жамбыл және Алматы облыстарының кей жерінде күн күркірейді, желдің екпіні 15-23 м/с, бұршақ жаууы мүмкін, Жамбыл облысында күндіз кей жерде дауыл тұрады.

Тағы оқыңыз: Үсік жүреді: үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

Маңғыстау, Атырау облыстарында кей жерде күн күркірейді. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде және таңертең тұман түседі.



sputniknews.kz

Загрузка...