Атырауда театр отқа оранды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Ғимаратты шарпыған жалынды 40 өрт сөндіруші ауыздықтады

НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз — Sputnik. Атыраудағы Махамбет Өтемісов атындағы қазақ драма театрында өрт болды.

Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт туралы хабар 22 тамыз күні сағат 14:30-да түскен.

«Екінші қабаттағы электр қалқанда өрт шығып, кейін ғимараттың шатырына тараған. Полиция қызметкерлері театр аумағын қоршады», – деп хабарлады ведомство.

Өрт аумағы шамамен 1500 шаршы метр. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 40 қызметкері мен 7 техника жұмылдырылды.



sputniknews.kz

Загрузка...